Dabaileaks-5: Астана

Dabaileaks дегеннің не екенін Wikileaks жобасын естігендер білетін болар. Енді не себепті ол dabai болды десек, dabai.kz сайтының белсенді мүшелері мен қазақ блогшылары бірігіп Алматы қаласында 19-20 наурыз күндері BlogCamp: Блог құрылтай өткізбек ниетте. Осы шараның жұмыстарын үйлестіру барысы көпшілікке ашық болу мақсатында dabaileaks деген тақырыппен жазбалар жарияланып жатыр.

Осы аптада Астанаға жолым түсіп, (жол қаражатына жәрдемдескен AGT-Қазақстан компаниясына көп рахмет) ондағы блогшылармен кездестік. Үйіне қонақ қылып, осы жазбаны жазу үшін интернетімен бөліскен Ерлан Оспан ағамызға да алғыс айта кеткенім орынды болар.

Алматылық блогшылардың сенбілік кездесулері дәстүрлі болса, астаналық блогшылар алғаш рет бір-бірін жүзбе жүз көрген екен. Төмендегі видеодан кездесудің бір үзіндісін ғана көре аласыз.

Әрі қарай

Dabaileaks-2

Сенбі күнгі кездесуге Салтанат, Қалдықыз, Мақпал, Балжан, Мейіргүлдер бауырсақ, тәтті-пәттілерін әкеп, әдемі дастархан жасады. Шай үстінде Қарасақал, Теріскей, Қисық, Patick, Жалғас, Мырзабек бар бәріміз алдағы жоспарларымызды пысықтадық.

KIMEP-тен ресми хат келді. Яғни, өткізетін орын нақты деген сөз. GSM Kazakhstan демеушілік жөніндегі ұсынысты қарастырып жатыр. Ең болмаса, кофе-брейктерді көтерер деп үміттеніп отырмын.
Әрі қарай